​Мақтаарал мен Жетісай ат спортын дамытады

10 Желтоқсан, 2018 692 0

Жиында Мақтаарал және Жетісай аудандарының ат спорты федерациясына төрағалар сайланып, аталмыш саланың дамуына үлес қосқан азамааттар марапатталды.

«Нұр Отан» партиясы Мақтарал аудандық филиалының ғимаратында облыстық ұлттық спорт түрлері федерациясы өкілдерімен және аудандағы ат спорты ұлттық құраманың шабандоздарымен кездесу жиыны өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі. 

«Нұр Отан» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, Түркістан облыстық көкпар федерациясының президенті Жолдасов Нұрмахан Миятұлы, Ұлттық спорт түрлері мектебінің директоры Ахметбаев Ғани Молдабекұлы және Жетісай ауданы әкімінің міндетін уақытша атқарушы Жолдасбеков Мақсат Жанұзақұлы қатысқа жиынға Мақтаарал және Жетісай аудандарында ат спортының, әсіресе, ұлттық көкпар ойынының кеңінен насихатталуына, дамуына өзіндік үлесін қоып, жастарды үйретіп келе жатқан шабандоздар мен атбегілер де шақырылды.

Жиын барысында командалық көкпар ойынын дамытып қолдап-қуаттау, жаттықтырушылар құрамының тәжірибесін нығайту, төрелік біліктілікті арттыру, өңірлік жарыстарды өткізу шараларын кеңейту, турнирлердің сапасын жақсарту, ат спортын дәріптеу туралы мәселелер қозғалып, ұсыныс-пікірлер айтылды. «Нұр Отан» партиясының төрағасы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында «Атқа міну мәдениетіне» ерекше тоқталғанын, ат спортының атаның қанымен бойымызға сіңіп, ежелден келе жатқан екенін айтқан шабандоздар аудан және облыс аумағында өткізілетін ат спорты ойындарына жастарды көбірек қатыстырып, өскелең ұрпақ арасында ұлттық көкпар ойынымызға деген қызығушылықты арттыру жолдары талқыланды.

Сонымен қатар, ұлттық спортты дамытуда өзіндік үлесін қосып жүрген бірқатар шабандоздарға Түркістан облыстық мәслихатының Құрмет грамотасы, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының және Түркістан облыстық көкпар федерациясының алғыс хаттары табыс етілді.
Жиынға қатысушы шабандоздар Мақтарал аудандық ат спорты федерациясының төрағалығына Қанаев Жарқынбек Ережепұлын, Жетісай аудандық ат спорты федерациясының төрағалығына Айбеков Сабыржан Тұтқабайұлын бір ауыздан сайлады.

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.