Жаңалықтар

Халық санағын келесі жылға ауыстыруды ұсынды

Халық санағын келесі жылға ауыстыруды ұсынды

ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Даленов пандемия жағдайын байланысты халық санағын келесі жылға ауыстыруға ұсыныс жасады, - деп хабарлайды NewsRoom+ Ақпарат тілшісі Caravan.kz медиа порталына сілтеме жасап. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифинг барысында Дәленов қызметкерлер мен халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін биыл санақ өткізбеген дұрыс деп есептейтінін айтты. "Халық санағы 1-30 қазан аралығында өтеді деп жоспарланған. Коронавирус инфекциясының жаппай таралмауы үшін Ұлттық экономика министрлігі биыл өтетін халық санағын келесі жылға ауыстыру туралы Үкіметке ұсыныс айтты", - деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында. Ұлттық санақ 2020 жылдың 1 қазанынан 30 қазанына дейін жоспарланған. "Басты себеп - санаққа қатысушылар мен санақты жинайтын персоналдың амандығы. Біз тиісті шешімді күтіп отырмыз", - деді министр.