Карантин режимін сақтамаған тұрғындарға айыппұл салынды
Карантин режимін сақтамаған тұрғындарға айыппұл салынды
Алматыда карантин нормаларын сақтамаған мыңнан астам адамға айыппұл салынды. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне Newsroom+Ақпарат агенттігі сілтеме жасап хабарлайды.
Қалада гигиена стандарттарының сақталуын бақылау мақсатында әкімдік, СЭС және полиция қызметкерлерінен арнайы мониторинг жүргізетін топтар құрылды.
Полиция департаментінің хабарлауынша, қала тұрғындары көп келетін орындар, қызмет көрсету, тамақтану орындары үнемі тексеріліп отырады. Сонымен қатар санитар дәрігердің талаптарына қайшы қызмет көрсететін массаж, сұлулық салондары, барлар, мейрамханаларды анықтау бойынша жедел бөлімшелер жұмыс істеп тұр. Айта кетейік, әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 425-бабы бойынша медициналық бетперде тақпағаны үшін 83 мың теңге көлемінде айыппұл салынады."5 шілдеден бастап әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 425-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке 1 022 адам тартылды. Оның ішінде 90 адам өткен тәулікте анықталды", - делінген ақпаратта.