Жаңалықтар

Елорда тұрғыны Көбейтұздан әкелген тұзды қайта апарып тастады

Елорда тұрғыны Көбейтұздан әкелген тұзды қайта апарып тастады

Елорда тұрғыны, қазақстандық суретші Асхат Ахмедяров Көбейтұздан алған тұзды өз еркімен өткізу туралы шешім қабылдады. Ол желіде желдей ескен сөзге ілесіп, ел ішінде танымал болған қызғылт көлден тұз алып кеткен,- деп хабарлайды NewsRoom+ Ақпарат тілшісі ҚазАқпарат порталына сілтеме жасап. «Кеше Көбейтұзда болып қайттық. Мен көлге тұзын қайтардым. Тұзды екі апта бұрын әкеткен болатынмын», - деп жазды Асхат Ахмедяров. Айта кетсек бұған дейін Ерейментау ауданының әкімі мен мобильді бақылау тобы демалыс күндері адамдар көп шоғырланған «Көбейтұз», «Теңіз» көліне рейд ұйымдастырып, бұл көлге баруға тыйым салынғанын айтты.