Жас ұшқыштар жойғыш ұшақтармен оқу-жаттығуларын орындады
Жас ұшқыштар жойғыш ұшақтармен оқу-жаттығуларын орындады

«Оқу-жаттығу ұшулары – бұл барлығымыз үшін маңызды оқу кезеңі болып табылады. Өйткені жауынгерлік әзірлікті қамтамасыз ету жылдың және тәуліктің кез келген уақытында, кез келген метеорологиялық жағдайда қойылған міндеттерді орындаудағы білімі мен дағдыларына байланысты», – деп атап өтті майдан авиациясының авиациялық эскадрилья командирінің орынбасары майор Азамат Қоныспаев.Өзінің тәжірибесімен майдан авиациясының авиациялық буынының аға ұшқышы аға лейтенант Әли Әділбеков бөлісті.

«Мұндай ұшақты басқару үлкен жауапкершілікті талап етеді. Әуе кемесін сезінуге, берілген командаларға және жермен радиоалмасу нұсқауларына бағдарлану үшін ұзақ және қажырлы жаттығу қажет. Оны жүзге асыруға маған тәжірибесі мол ұшқыш-нұсқаушыларыым көмектеседі», - деді ол.Оқу кезінде жойғыш ұшақты басқару процесі тренажерлерде және жаяу ұшу кезінде пысықталды. Содан кейін жас ұшқыштар жауынгерлік машиналарда өз міндеттерін орындай отырып, алған дағдыларын іс жүзінде тәжірибеде алғаш рет қолданды. Әуедегі маневрлердің дұрыс орындалуын тәжірибелі ұшқыш-нұсқаушылар, бірінші сыныпты әскери ұшқыштар бақылайды. Әуеайлақтың үстінен ұшу кезінде жас ұшқыштар өздерінің тәлімгерлерінің аспандағы іс-әрекеттерін, бағдарлар мен жердегі объектілердің орналасуын есте сақтайды.
