Дәрігер нұсқаулығымен берілетін қандай дәрілерді тегін ала аламыз?
Дәрігер нұсқаулығымен берілетін қандай дәрілерді тегін ала аламыз?
Коронавирусты емдеу хаттамасындағы тізімге 5 препарат қосылды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Людмила Бюрабекова айтты,- деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі.
10 күннен кейін парацетамол, ибупрофен, ривароксабан, апиксабан мен дабигатран науқастарға дәрігердің нұсқаулығымен тегін беріле бастайды. Қазір жауапты ведомство бұл антикоагулянттарды сатып алу жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр.
Еліміздің барлық өңірінен өтініштер түсіп жатыр. Бюрабекованың айтуынша, науқастар ауруханада қажетті препараттар болмай қалса, бірыңғай дистрибьютордың 14-39 қысқа нөміріне хабарласа алады. Операторлар мәселенің мән-жайын анықтап, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге көмектеседі.