Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
29 шілде, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Отандық кәсіпкерлер: тауар бағасының негізсіз өсуі ақылға қонбайды

Отандық кәсіпкерлер: тауар бағасының негізсіз өсуі ақылға қонбайды

Отандық кәсіпкерлер: тауар бағасының негізсіз өсуі ақылға қонбайды
ашық дереккөзі
 width= «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасына мәміле бағасы бойынша тауарларды кедендік ресімдеуден бас тарту және тауарларға қатысты  мәлім етілген бағалық ақпараттан әлдеқайда жоғары бағаны қолдану кедендік төлемдер мен салықтардың бірнеше миллиондық қосымша өсуіне қатысты кәсіпорындардан өтінімдер жиі түсуде. Бұл туралы «Атамекен» ҰКП Баспасөз қызметіне Newsroom+Ақпарат агенттігі сілтеме жасап хабарлайды. Кедендік әкімшіліктендіру департаментінің ақпараты бойынша  ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап кедендік құнның индексі барлық тауарлар бойынша 3-тен 18 есеге дейін артқан. Атап айтқанда, құрылыс индустриясына арналған өнімдер, меншікті өндіріс, жиһаз кластері және инвесторлар мен шағын бизнес әкелетін, экономиканы жандандырып, жұмыс орындарын сақтап қалуға қажетті тауарлар бағасы артқан. Мәселен, кедендік құн индексі болат рабица-торға – 1 келісіне 0,5 АҚШ долларынан 4,41 АҚШ долларына дейін (8,82 есе), бұрғылау колонкасына – 1 келісіне 2,6 АҚШ долларынан 21,33 АҚШ долларына дейін (8,20 есе), гидроцелиндірге ұштарға – 6,77 АҚШ долларынан 88,24 АҚШ долларына дейін (13,03 есе) өскен. «Атамекен» ҰКП-ның  ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасы атына кедендік құн индексінің өсуі бойынша негіздеме беру туралы сұратымына мынадай жауап келді: Бағалық ақпарат дерек көздерін талдау нәтижесін ескере отырып, сарапшылық баға әдісі негізінде қалыптасады және тауардың кедендік құны 1 (бір) келі немесе тауар өлшемнің 1 (бір) қосымша бірлігі үшін АҚШ долларындағы құны негізінде құралады (тәуекел бейінімен белгіленген өлшем бірлігіне байланысты). Аталған бағалық ақпарат ЕАЭО-ға импорттауда тауарлардың кедендік құнының деңгейі; нарықтық жағдайлар; биржалық баға және шикізат құны сынды ағымдағы өзгерістерді талдау негізінде нақтыланады». Осы ретте нарық конъюнктурасы немесе биржалық котировкалар әкелінетін жабдық құнына қалай әсер еткені түсініксіз. Комитет тарапынан қандай баға көздері пайдаланылды, кедендік құн индексін қалыптастырудың әдістемесі қандай болды, сыртқы экономикалық қызметтің қандай қатысушылары қамтылды деген сұрақтарға жауап берілмеді. Мәлімделген кедендік құнның дұрыстығын дәлелдеу үшін импорттаушы 60 күнтізбелік күн ішінде кедендік баждарды, салықтарды төлеу үшін айналым қаражатын аударып, сұралған құжаттарды ұсынуға мәжбүр болады, аталған құжаттар көп жағдайда кедендік декларациялауда кезінде   мәлімделген мәліметтер шеңберінен шығып кетеді. Мәлім етілген кедендік құнды растау үшін импорттаушы қосымша растау құжаттарын ұсынып, кедендік төлемдер мен салықтарды төлеу үшін қаржы айналымын жұмсау қажет болады. Нәтижесінде жүкті шығару мерзімі 10 күннен 2 айға дейін уақытқа ұзарады. Импорттаушылар таураларды қоймаларда уақытша сақтау, вагондардың тұрып қалуы және басқа да жоспарланбаған қаржы шығындарын төлеуге мәжбүр. Соның салдарынан тұтынушы өзіндік құнынан әлде қайда жоғары тауарды сатып алады. Аталған мәселені шешу мақсатында «Атамекен» ҰКП бизнесті тарта отырып, кедендік құн индексін ашық қалыптастыруға көшуді ұсынады, осы ретте   кәсіпкерлерді өзгерістерге алып келген негіздемелерді белгілей отырып, нақты кедендік құн индекстері туралы ақпаратмен қамтамасыз ету маңызды.