Жаңалықтар

42500 теңге тұрақты төленуі мүмкін

Депутат Нұржан Әлтаев қазақстандықтарға 42 500 теңге көлеміндегі төлемді тек карантин кезінде ғана емес, тұрақты түрде төлеп отыруды ұсынды. Бұл елде экономикалық жағдай нашарласа, халықты ұрлыққа бару мен жоқшылықтан құтқарады, - деп хабарлайды NewsRoom+ Ақпарат тілшісі Oinet.kz. порталына сілтеме жасап. Antikor Life тікелей эфирінде Әлтаев ай сайын табысы төмен азаматтарға 42 500 теңге мөлшеріндегі базалық төлемді төлеуді ұсынып отыр. Қаражат карантин кезеңінде ғана емес, тұрақты түрде төленетіндіктен, олардың қауіпсіздігіне жұмыс істейді. Депутаттың пікірінше, "коронавирустық дағдарыс" халықтың кедейленуіне әкеп соқтырады, бұл адамдарды ұрлыққа, тонауға, тіпті адам өлтіруге итермелейді. Мемлекеттен төленетін төлемдер елді қылмыстың өсуінен сақтайды.  Сондай-ақ, дағдарыс адамдардың өмір сүру сапасын едәуір төмендетуі мүмкін. Кедейліктің салдарынан адамдар нашар тамақтанып, бұның соны ауруға алып келуі ықтимал. Сайып келгенде, мемлекетке шығындарды өз мойнына алуға тура келеді.  Әлтаевтың ойынша, кейінірек зардабы үшін төлегенше, төлемдерді қазір тағайындаған абзалырақ.  "Болашақта біз зардаптарды жою үшін көп қаражат жұмсауымыз мүмкін. Адамдардың әл-ауқатын ең болмағанда қауіпсіз деңгейде ұстау үшін базалық кірісті қазір төлеген жөн", – дейді ол.  Депутат базалық төлемдер тәжірибесін алдағы 1-2 жылға енгізуді ұсынып отыр. Бұл аралықта экономикадағы өзгерістерді бағалауға және адамдардың көңіл-күйінің қалай өзгеретінін байқауға болады. Нұржан Әлтаев Қазақстан азаматтары үшін базалық төлем енгізуді бұған дейін БҰҰ ұсынғанын да қоса кетті.