Құрбандық етін тарату арнайы құрылған штаб арқылы жүзеге асады
Құрбандық етін тарату арнайы құрылған штаб арқылы жүзеге асады

"Құрбандыққа шалынатын ет алуға жүгінетіндердің барлығы мешіттерге келмеуі керек. Құрбандық етін тарату арнайы құрылған штаб арқылы жүзеге асырылады және мұқтаж үйлерге жеткізіледі" , - деді Данияр Жұмабаев.Имам карантин талабын орындау үшін мерекелік Айт намазы Алматыдағы мешіттерде де өткізілмейді, деді. Еске салайық, құрбан шалу рәсімі - мұқтаж азаматтардың ет сатып алуға өтініш беруі Qurban2020.kz сайтында 24-30 шілде аралығында қабылданады. Құрбандыққа шалынған етті тарату 2 және 3 тамызда өтеді.