Жаңалықтар

29 Шілде несімен ерекшеленеді ?

Бүгін әлемде Халықаралық жолбарыс күні.

Бұл дата 2010 жылы Санкт-Петерборда аталмыш жыртқыш жануардың популяциясын сақтап қалу мәселелері бойынша өткен «Жолбарыс туралы саммит» халықаралық форумында белгіленді. Тай тілінің ұлттық күні. 1999 жылы 13 шілдеде Таиланд үкіметі 29 шілдені тай тілінің ұлттық күні деп жариялады. Жүйе әкімшісі күні.  Алғаш рет 1999 жылы 28 шілдеде атап өтілді, жыл сайын шілденің соңғы жұмасында атап өтіледі. 29 шілдеде Қазақстанда болған тарихи оқиғалар 1990 жылы Алматыдағы Медеу мұз айдынында "Азия дауысы" атты музыка өнеріндегі танымал әндер мен талантты орындаушылардың бірінші халықаралық байқауы өтті; 1994 жылы үкіметтің реформаларды тереңдетуге және экономикалық дағдарыстан шығуға арналған бағдарламасы жарияланды; 2000 жылы Семей полигонының аумағында соңғы ядролық заряд жойылды; 2013 жылы мемлекеттік комиссияның шешімімен Астанада ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің - "Жел энергиясы" логотипі бекітілді.