Сарыағашта «coworking» орталығы ашылды

20 Қараша, 2018 655 0

Орталықта әр адам өзінің сүйікті ісімен айналысуына, арнайы тақырыптарда дөңгелек үстелдер ұйымдастыруға, шахмат, тоғызқұмалақ, дойбы ойнауға, гүл өсіріп, қолөнер бұйымдарын жасауға зор мүмкіндік болмақ. 

Түркістан облысы Сарыағаш ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты, Сарыағаш аудандық орталық кітапханада коворкинг орталығының ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды newsroom+ порталы өңірлік БАҚ-қа сілтеме жасап.  

Коворкинг орталығының жұмысымен Сарыағаш аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Кульгинова Қалбибі Сейдирқызы орталықтың жұмысымен таныстыра отырып, әр адамға өзінің сүйікті ісімен айналысуына, арнайы тақырыптарда дөңгелек үстелдер ұйымдастыруға, шахмат, тоғызқұмалақ, дойбы ойнауға, гүл өсіріп, қолөнер бұйымдарын жасауға зор мүмкіндік жасайтын орталық болатынын атап өтті.

Салтанатты іс-шарада аудан әкімінің орынбасары Тасқұлов Смайл Әбубәкірұлына, Сарыағаш аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Жаншуақов Әбіләзім Қалтайұлына сөз берілді. Коворкинг орталығының демеушілері Ағабеков Серік Қанатұлына, Хидиров Бауыржан Жайлауұлына, Уразбаев Бағдат Қадырұлына, Омаров Нурмахан Исматовұлына үлкен алғыс білдіре отырып, Аудан әкімі атынан «Жомарт жүрек» дипломымен марапатталды. Аталған іс-шараға «Нұр Отан» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының орынбасары Тұрсынбаев Полат Мұратұлы, аудан әкімінің орынбасары Тасқұлов Смайл Әбубәкірұлы, аудандық мәслихаттың хатшысы Садықов Бақытжан Молдабекұлы, Пушкин атындағы облыстық ғылыми – әмбебап кітапханасының директоры Динасилова Шәрбәну Әлмаханбетқызы, Ыбырай Алтынсарин атындағы балалар кітапханасының директоры Бегжанова Зоя Оралбайқызы, Шымкент қалалық жасөспірімдер кітапханасының директоры Парымбекова Закира Сембекқызы және кітапхана қызметкерлері, оқырмандар, БАҚ өкілдері қатысты.

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.