Түркістан: ​«Дәстүрлі құндылықтар керуені» Келес ауданында өтті

20 Қараша, 2018 549 0

Түркістан облысы әкімінің арнайы тапсырмасына сәйкес, халыққа мәдени, рухани, діни тұрғыда түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында облыс аумағы бойынша ұйымдастырылып жатқан «Дәстүрлі құндылықтар керуені» тақырыбындағы көшпелі жиын Келес ауданында өтті, деп хабарлайды newsroom+ порталы Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Көшпелі керуеннің мақсаты – Түркістан облысы тұрғындарының мәдени және рухани сезімдерін қалыптастыру, деструктивті діни ағым жақтастарын қазақстандық қоғам құндылықтарына бейімдеу, сонымен қатар, мемлекет пен дін ара қатынасындағы зайырлылық ұстанымы бойынша халықты ақпараттандыру болып табылады. Жиынға Түркістан облысы дін істері басқармасы, «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» мекемесі директорының орынбасары Беспаев Мәди Әбзелбекұлы, облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы, Халық шығармашылығы орталығының бөлім басшысы Мамытханова Шолпан Құрманғазықызы келді. Жиынды Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев ашып, жүргізіп отырды. 

«Дәстүрлі құндылықтар керуенін» шараға қатысқан аудан тұрғындары да қолдап, өз ойларын ортаға салды.



Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.