Зорланған әйел әділдікке мұқтаж
Зорланған әйел әділдікке мұқтаж

«Мен қазір өзімнің өмірім үшін қатты алаңдаймын. Сонымен қатар, 15 жасар қызым бар. Ертең оларды босатып жіберсе, қайтадан зәбір көрсетуі әбден мүмкін. Алғашқы сот отырысында анасы жалынғаннан кейін біреуін жасырып қалуға тырысқанмын. Бірақ, қазір екеуі де әділ жазаға тартылғанын қалаймын».Болған жайттан ұлдарын аман алып қалу үшін екінші жігіттің туыстары Светлананың еміне деп ақша беріпті. Енді бұл оқиға екі жақты келісілген деп сотта айтуын талап етіп отыр екен. Бірақ, мамандардың айтуы бойынша жалғыз басты ананы аяусыз ұрып, қатты зақым келтірген де сол жігіт екен. Енді соттың әділ шешім шығаруын күтуде. ДИНА СМАИЛОВА "НЕ МОЛЧИ" ҚОРЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:
«Алғашқы сот отырысы кезінде сот сараптама қорытындысын мойындамайды. Жақын уақытта тағы бір сот отырысы өтеті. Сол уақытта барлығына назар аударып,әділ жазасын беру қажет. Өйткені, айуандықпен зорлаған жігіттерді босатып жіберсек, ертең бұдан да аса ауыр қылмыс жасауы әбден мүмкін».Сонымен қатар Дина Смаилованың сөзінше бұл оқиғаға барған жігіттің біреуі бұған дейін де істі болған екен. Қазір олардың екеуі де қамауда. Іле аудандық соты жабық режимде бақылауда ұстап отыр. Сондықтан, қандай да бір пікір беруден бас тартты. Келесі сот отырысы жақын уақытта өтеді. Жәбірленуші тарап жазаның әділ болуына үмітті.