Түркістандық дәрігерлер 2019 жылдан бастап қағазбастылықтан арылады

20 Қараша, 2018 726 0

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап Түркістан облыстық денсаулық сақтау жүйесі қағазсыз жүйеге көшеді. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев мәлімдеді, деп хабарлайды newsroom+ порталы  ERNUR.KZ-ке сілтеме жасап. 

- Біз 100 пайыз дайынбыз. Медициналық қызметкерлер, медбикелер мен дәрігерлер толықтай оқудан өтті. Өңірде 1 млн 700 мыңнан астам адамның электронды паспорты жасалды. Ендігі жерде әрбір адам емханаға барғанда бұрынғыдай карточканы пайдаланбайды. Яғни, қай ауруханада жаттыңыз, қандай дәрі-дәрмек ішіп, нендей екпелерді алдыңыз, барлығы компьютер арқылы көрініп тұрады. Басқа қалаға, басқа ауданға барсаңыздар сіз жайындағы бүкіл мәліметті дәрігерлер базадан алып отырады. Анализ тапсырып, рентген түсірсеңіз, лаборторияға барсаңыз да ондағы мәліметтердің баршасы да компьютерден емдеуші дәрігеріңізге ақпарат күйінде түсіп отырады, – деді Мұқан Кеңесбекұлы. 

Сондай-ақ, облыстағы барлық медицина қызметкері ақпараттық жүйе бойынша оқытылып, 290 668 азамат мобильдік қосымшаны пайдаланған. Электрондық медициналық жазулар саны 1 701 891-ге жетіп, еңбекке жарамсыздық парағы электрондық нұсқада 52 563 адамға берілген. Аудандық, қалалық емханаларда 20 цифрлық көмек посттары ашылып, онда 408 201 адам оқытылыпты.


Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.