Мусин: бүгінде халық киім-кешек пен косметикаға қарағанда көбірек тамақ өнімдерін ала бастады
Мусин: бүгінде халық киім-кешек пен косметикаға қарағанда көбірек тамақ өнімдерін ала бастады
"Қазақстандық өндірушілерді ғаламторға енгізу бойынша белсенді жұмыс жасау ұсынылады"-, деді Үкімет отырысында министр Бағдат Мусин. Бұл туралы Newsroom+Ақпарат агенттігі хабарлайды.
"Пандемия кезінде барлығы жаппай онлайн-саудаға көшті. Осы жылдың алты айында интернет-дүкендердегі сауда саны 20 миллионға жетті, яғни екі есеге артты деп айтқым келеді .Бүгінде халық киім-кешек пен косметикаға қарағанда көбірек тамақ өнімдерін ала бастады",-деді Мусин.
"Бүгінгі таңда электроника нарығы халық арасында кеңінен танымал, киім мен косметика сатып алулардың төмендеуі байқалады, бірақ тұрғындар ғаламтор арқылы көбірек азық-түлік, дәрі-дәрмек пен балалар өнімдерін ала бастады. Айта кету керек, Қазақстанда пандемия кезінде ең қажетті деген тауарлар қол жетімді бағада», - деді бірінші вице-министр.Мысал ретінде, ол қазақстандық супермаркеттердің бірінде тамақ өнімдерін сатып алу сәуір-маусым айларында 2019 жылмен салыстырғанда 7 есе артқанын келтірді.