Асқар Мамин: вирус жұқтырудың тәуліктік өсімі азайды
Асқар Мамин: вирус жұқтырудың тәуліктік өсімі азайды
Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин карантиннің арқасында елдегі ахуал тұрақталғанын айтты. Бұл туралы Sputnik Қазақстан сайтына Newsroom+Ақпарат агенттігі сілтеме жасап хабарлайды.
Айтуынша, ауруханалардағы орындардың жүктемесі 46 пайызға дейін төмендеді. Бір айдың қорытындысы бойынша жедел жәрдем шақыру саны 38 процентке азайды. Премьер барлық өңір дәрі-дәрмектің жеткілікті қорымен қамтамасыз етілгенін атап өтті."Карантиндік шаралардың мерзімі 2 тамызда аяқталады. Жалпы, осы кезеңде эпидемиологиялық жағдай тұрақтанды, медицина ұйымдарының жүктемесі біршама азайды. Жазылып кеткендердің саны 63 пайыздан асты. Вирус жұқтырудың тәуліктік өсімі 4 пайыздан 1,7 пайызға дейін азайды", – деді Мамин үкімет отырысында.
"Осыған орай, эпидемиологиялық жағдайды одан әрі жақсартуымыз қажет", – деді ол.Үкімет отырысында денсаулық сақтау министрлігі карантинді біртіндеп жеңілдету жоспарын ұсынды.
"Ағымдағы жағдайды және осы айдың қорытындысын ескере отырып, Мемлекеттік комиссияның отырысында бұл жоспар қарастырылып, тиісті шешім қабылданады", – деді Мамин.