Цой: карантин режимін жеңілдету үшін санитарлық талаптарды күшейтеміз
Цой: карантин режимін жеңілдету үшін санитарлық талаптарды күшейтеміз
3 тамыздан бастап карантин шаралары жеңілдейді. Бұл туралы Sputnik Қазақстан сайтына Newsroom+Ақпарат агенттігі сілтеме жасап хабарлайды.
Министрдің айтуынша, карантинді жеңілдету үшін санитарлық-дезинфекциялық режим күшейтіліп, маска тағу және әлеуметтік ара қашықтық талаптары сақталуы тиіс.
"3 тамыздан бастап апта ішінде инфекция репродуктивтілігі көрсеткіші бірден төмен (R ≤ 1), ал төсек-орындар 70%-ке босаса және өлім-жітім деңгейі төмендесе, келесі инфрақұрылым нысандарының қызметіне рұқсат етіледі", – деді Цой үкімет отырысында.Жұмысын бастайтын нысандар:
- уақыты мен күні шектелуімен сауда ойын сауық орталықтары, сауда үйлері, сауда желілері, жабық азық түлік, азық түлік емес базарлар;
- балалар коррекция кабинеттері, білім орталықтары, балаларды дамыту орталықтары, үйірмелер. Топтарда бес баладан аспауы тиіс;
- кезекші топтар режимінде мектепке дейінгі мекемелер;
- сұлулық салондары, шаштаращ, косметика және косметологиялық қызметтер ұсынатын орталықтар мен салондар, алдын ала жазылуы бойынша маникюр және педикюр;
- мемлекеттік органдар мен кеңсе қызметкерлерінің кем дегенде 80%-і қашықтан жұмыс істеуі тиіс.
- барлық бұқаралық шаралар, көңіл көтеретін мекемелер, кинотеатрлар, фудкорттар мен банкет залдарының қызметі;
- мейрамханалар, барлар, түнгі және ойын клубтары;
- мәдениет нысандары, музейлер, конференция, көрме және форумдар өткізу;
- спорт залдары, фитнес орталықтар, бассейндер, аквапарк жағажайлары;
- діни нысандардың жұмысы;
- қала маңы жолаушылар пойыздары (электричка), ортақ вагондар, қалааралық автобустартың қозғалысы (микроавтобустар).