Жаңалықтар

Англияда 16 адам бір итті құтқарды

Англияда арнайы операция барысында 16 адам сенбернар итін құтқарды, - деп хабарлайды NewsRoom+ Ақпарат тілшісі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап. Уаздейл қауымының құтқару қызметінің мәліметінше, құтқарушыларға бұл оқиға туралы полиция хабарлаған. Тәртіп сақшыларынан иттің иесі көмек сұрапты. Скофелл-Пайк тауынан түскен кезде сенбернар итінің табаны ауырып, ол жүре алмаған. Құтқарушылар оқиға орнына шұғыл жетіп, итке ауырғанды сездірмейтін екпе салған. Кейін олар салмағы 55 келі болатын сенбернарды төменге түсіруге дайындықты бастапты. "Бізге адам өмірін ғана емес, төрт аяқты досымыздың да өмірін аман сақтап қалу маңызды", - дейді жергілікті құтқару қызметі. https://www.youtube.com/watch?v=BPF0agEYIZk&feature=emb_title Құтқарушылардың айтуынша, итті таудан төмен түсірген кезде ол өзін жақсы сезінген. Ит үйіне жеткен соң жазылып кеткен.