Жаңалықтар

2021 жыл «экология жылы» болуы мүмкін

2021 жыл «экология жылы» болуы мүмкін

Арманның ұсынысын өзге қатысушылар да бір ауыздан қолдады. Қоғам белсенділері «2021 жылды Қазақстанда экология жылы» деп жариялауды ұсынды. Аталған ұсыныс Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның төрағалығымен «Экологиялық білім: қазақстандық қоғамда экологиялық білім беру, экологиялық мәдениетті тәрбиелеу және қалыптастыру» тақырыбында  онлайн-форматта өткен  жиында айтылды, - деп хабарлайды NewsRoom+ Ақпарат тілшісі  Skifnews.kz порталына сілтеме жасап. «Экология бүгінгі таңда Қазақстанның ұлттық идеясына айналуы тиіс. Себебі 2018 жылы ел университеттерінің зерттеулеріне сүйенсек, еліміз экологиялық тазалық бойынша бүкіл шартарапта 101-ші орынға орналасқан екен. Алдымызда Нигерия, артымызда Сануар сынды үшінші әлем елдері. Шынайы картинка бұдан да нашар. Репрессия мен ашаршылықтан кейін, қазақтың басына түсіп отырған нәубет – экологиялық жағдайымыз. ЭКөршілес Өзбекстанда 1959 жылғы санақ бойынша, халық саны 8,1 миллионды құраса, Қазақстанда 9,2 миллион адам тұрған. Бүгінгі таңда өзбектердің саны 32,9 миллион, ал біз 18.8 миллионға әрең жығылып жетіп отырмыз. Неге өсім бойынша өзбектерден үш есеге артта қалып отырмыз? Туу көрсеткішіміз бірдей, иммиграция жағынан өзбектердің жағдайы бізден тәуір емес», - деді белсенді Арман Хайруллин. Қазақстанның бүгінгі экологиялық жағдайы мүшкіл екенін бірнеше фактілермен атап өткен белсенді 2021 жыл Қазақстанда «экология жылы» болса деген тілегін жеткізді. «Қазақстанның экологиялық жағдайы еш сын көтермейді. Семейді қоспағанда, елімізде 7 ядролық полигон кеудесінде жара болып жатыр, Аралдың кебуі, тұздардың ұшуы, қазіргі батыс өңірдегі алпауыт зауыттардың жұмысы. Ауа бассейінінің сонау Өскеменнен Атырауға дейінгі шығындыларға толы екендігі... Атырауда бүгін экологиялық апокалипсис орын алып жатыр. 90-шы жылдардан бері бүгінгі күнге дейін ауа бассейніне 4 миллиондай қалдықтар шығарылған екен. Осының бәрі денсаулығымызға үлкен зиян келтіріп отыр. Менің ұсынысым келер 2021 жылды экология жылы деп жарияласа екен. 20 жылда бірде бір рет экология жылы жарияланған жоқ. Мен, қазақстандықтарды осы ұсынысымды қолдауға шақырамын!», - деді Хайруллин. Арманның ұсынысын өзге қатысушыларда бір ауыздан  қолдады. Табиғат жанашырлары, журналистер мен қоғам белсенділері қатысқан жиында Аида Балаева қазақстандықтардың экологиялық сауаттылығын көтерудің маңыздылығын атап өтті. «Халықтың науқастануы экологиялық факторлармен себеп-салдарына байланыстығына әзірше елімізде жеткілікті деңгейде назар аударылмай отыр. Экологиялық сауатсыздықты жою біздің халық арасында жүргізетін маңызды мәселелерге айналуы тиіс. Мұның бәрі жалпыхалықтың экологиялық сауаттылықты арттыру, жастарға үздіксіз білім беру нәтижесінде ғана шешіледі», - деді Балаева.