Шымкентте мобильді бригадалар саны 200-ге жуықтады
Шымкентте мобильді бригадалар саны 200-ге жуықтады

«Шымкент қаласындағы емханалар жанында бұған дейін 58 мобильді топ жұмыс істеп келген болса, бүгінде оның саны 197 жетті. Олармен 16-мыңға жуық науқасқа үйге арналған станционарлық қызмет көрсетілген. Сонымен бірге 45 мың пациентке мобильді бригада қызметі арқылы үйлеріне дәрі-дәрмек жеткізілді. Атқарылған жұмыстар қаладағы эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына өз әсерін тигізді. Нақтырақ айтқанда, жедел жәрдем көмегін шақыртушылар саны күніне 38 пайызға азайды»,-деді Т. Варзилов.Сондай-ақ брифингте салаға жауаптылар станционарларда ем алушы науқастардың саны күрт төмендегенін мәлімдеді. Соңғы он күннің ішінде науқастар саны 2882-ден 1240-қа дейін азайған. Нәтижесінде станционарлардағы төсек орынның жүктемесі 78,7 пайыздан 33 пайызға дейін кеміп отыр.