БҚО-да үш жігітке оқ тиіп, жараланды
БҚО-да үш жігітке оқ тиіп, жараланды
Оқ атқан адам тергеу изоляторына тоғытылды.
Ер адам аңшы мылтығымен үш жігітті жаралады, - деп хабарлайды NewsRoom+ Ақпарат тілшісі zakon.kz порталына сілтеме жасап.
Басылымның хабарлауынша, 19 шілде күні кешкі сағат 11 шамасында Хан ордасы ауылының 55 жастағы тұрғыны, "Табиғат" шаруа қожалығының басшысы аңшылық мылтықтан оқ атқан. Салдарынан 27 жастағы үш бала түрлі дене жарақаттарын алды (сол және оң жақ санға және қарынның алдыңғы тұсына бірнеше рет оқ тиген, оң аяқтың бірінші бармағына, сол аяқтың өкшесі де жарақаттанған). Зардап шеккендердің барлығына дәрігер медициналық көмек көрсетіп, кейін оларды үйлеріне жіберді.
Оқиға орнынан жедел-тергеу тобының қызметкерлері шолақ мылтық, 12 калибрлі оқтарды тапты.
Шаруа қожалығы иесінің қару-жарақты 5 жыл мерзімге сақтауға рұқсат бар екендігі анықталды. Құжат 2018 жылдың желтоқсан айында тіркелген.
Оқ атқан адам тергеу изоляторына тоғытылды. Бұл факт бойынша тергеу Бөкейорда аудандық полициясы тергеу ісін қолға алды.