Шымкент: Қаратау ауданында 40-қа жуық көпқабатты үйдің қасбеті жаңаруда
Шымкент: Қаратау ауданында 40-қа жуық көпқабатты үйдің қасбеті жаңаруда


«Асар аумағы бойынша жалпы саны 30 көпқабатты үйде құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оның ішінде 18 үйдің құрылысы толық бітіп, 12 үйдің құрылысы 1 ай ішінде аяқталады. Көпқабатты үйлердің құрылысына 500 млн. теңгеден астам қаражат жұмсалуда. Құрылысқа кеткен шығынның барлығын ЖШС «Ақ Ордасы» Корпорациясы» көтеріп жатыр», -дейді аудан әкімі.Сонымен қатар, ол «Нұрсәт» шағын ауданындағы №18,19,20 көпқабатты тұрғын үйлердің сыртқы қасбеттерін ретке келтіру жұмыстары «Бесқұдық Тас» және «Арт Құрылыс» ЖШС тарапынан жүргізілсе, Ақжайық шағынауданы «Тұлпар» тұрғын үй кешенінде орналасқан 6 тұрғын үйдің қасбетін «Эристайл-Қазақстан» ЖШС –гі жүргізіп келеді.
