Жаңалықтар

Бас дәрігерді жақтаған дәрігерлер жаппай жұмыстан кетпекші

Бас дәрігерді жақтаған дәрігерлер жаппай жұмыстан кетпекші

 width= Елде індет өршіп тұрғанда Талдықорғандағы көпсалалы аурухананың дәрігерлері жаппай жұмыстан кетпекші. Тіпті, арыздарын да жазып қойған. Ақ халаттылардың бұлай шешім қабылдауына "бас дәрігер қызметтен босатылады" деген сыбыс себеп болған екен. Ұжымдағылардың айтуынша, Сәуле Құсмолданованың орнына осы күнге дейін жаңа басшыны да таңдап қойған көрінеді. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасына Newsroom+Ақпарат агенттігі сілтеме жасап хабарлайды. ГҮЛДАНА ӘЛІШЕРОВА КӨЗ ДӘРІГЕРІ:
"Әлеуметтік желілер бойынша, Шымкенттен жас дәрігер келеді деп жатыр. Бірақ, біз  бастығымыздың орнында қалуын сұраймыз және талап етеміз".
Өз еріктерімен жұмыстан кету туралы арыз жазып, жаппай наразылық білдіріп жатқандар бас дәрігердің жұмыстан кетуіне қарсы. 30 жылдық еңбек өтілі бар білікті маманың орнында қалуын талап етуде. Оның үстіне Сәуле Құсмолданова аурухана ашылғалы 4 жыл бойы тынбай еңбектеніп, барлық жұмысты жүйеледі, дейді қызметкерлер. Сондықтан, дәл осындай қиын сәтте бас дәрігерді ауыстыруға не себеп болғанын да түсінбей дал. ДӘРІБЕК БОРАНБЕКҰЛЫ, ХИРУРГ:
 "Короновирус жер жүзін жайлап жатыр. Күресу қиынға соғуда. Өлім санының көбейгені үшін орнынан бостау дұрыс емес. Сосын коллектив бізде 800-ден артық адам бар. Сол коллективпен ақылдасу керек қой. Біз де адамбыз".
Жалпы, бұл 325 орынды көпсалалы ауруханада 100-ден астам дәрігер мен 250-дей медбике қызмет етеді. Індет өршіген тұста басшымыз барлық жұмысты жүйелей алды. Соның арқасында емдеу мекемесі ешқандай карантинге жабылған жоқ. Күн-түн демей қызмет етіп жүр, - дейді ұжымдағылар. ГҮЛНӘР МҰРАТХАНҚЫЗЫ АУРУХАНЫНЫҢ ШАРУАШЫЛЫҚ ЖӨНІНДЕГІ ҚЫЗМЕТКЕРІ:
"Еңбегі бар осы аурухана ашылғалы. Көріңізші, күнімен-түнімен демалыс жоқ. Түсінбеймін".
Ұжымдағылар бас дәрігерді орнында қалдыру үшін облыс әкімінен бастап, денсаулық сақтау министрі мен Президентке де ашық хат жолдаған екен. Осы орайда, дәрігерлермен кездесуге келген облыс әкімінің орынбасарына да өз өтініштерін жеткізді. Ал, Батыржан Байжұманов кадрлық мәселе әлі шешілмегенін айтып қана ақталды. Осылайша, ұжым алдында нақты жауап бере алмаған Батыржан Байжұманов дәрігерлердің талап-арызы ескерілетінін ғана алға тартты. Облыс әкімімен ақылдаспақшы. Бұл істің нақты нүктесін енді облыс әкімі Амандық Баталов қоймақ.