Қауіпті ауызсу: уран қазып, кислота жіберіп жатыр
Қауіпті ауызсу: уран қазып, кислота жіберіп жатыр

"Мына жерде 700 метрден уран қазып, кислота жіберіп жатыр. Біз 700 метрден осыны ішіп отырмыз. Суымыздың барлығы тасымал. Мына көшемізде трубасын барлығын әкеліп қойды. Анау шлангасы тұр, крайнигін барлығын орнатып қойдық. Бірақ біржарым жылдан асты, ешқандай суы жоқ. Енді өстіп күн көріп жатырмыз, мына суды көріп отырсыздар беті қаймақтанып тұр".Жергілікті билік өкілдері мемлекеттік бағдарлама аясында әрбір үйге ауыз су тартып береміз деп уәде беріпті. Бірақ басталған жұмыс аяқсыз қалыпты. ТАУБАЙ ТӨРЕНИЯЗҰЛЫ, БАЙКЕНЖЕ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
"Бесарық су торабы трубалары барлығы келіп тұр. Ал бірақ қосылмай жатыр. Әкімдерге талай есебінде айтқан болатынбыз. Бірақ, әкімдер ауысып кетіп, іске аспай жатыр. Биыл жаңа жылда беріледі деген, бұрынғы мердігер қаржыны жымқырып кетіп, сотты болып жатыр жаңа мердігер жаңа жылда қосады деп еді ол да қоспай жатыр".Мердігердің уәде бергенін ауыл әкімдігіндегілер де растап отыр. Бірақ судың әлі күнге дейін неге берілмей отырғанын дөп басып айта алмады. ҚАЙРАТ ЗЕЙДАЛИЕВ, БАЙКЕНЖЕ АУЫЛДЫҚ ОКРУГЫ ӘКІМІНІҢ БАС МАМАНЫ:
"Алдында уәде берілген, дұрыс па? Су биыл кіреді деген, қалай болғанда да суды биыл крігіземіз деген. Халықты қаматамасыз етеміз деп айтылды. Білмеймін ғой, не болғанын аяқ асты ол су әлі келген жоқ. Суды көрдіңіздер. Су ағып тұр, бірақ ол су жарамды ма жарамды емес па білмейміз".Уран өндіретін өндіріс орны бұл жерде 15 жылдан бері жұмыс жасап келеді екен. Эколог мамандардың айтуынша халықтың талап арызына сәйкес бірнеше мәрте тексеру жұмыстары жүргізіліпті. Кемшіліктер де анықталған екен. МАРАТ ҚҰРМАНБАЕВ, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ:
"Әрине тексеру кезінде заң бұзушылықтар анықталып отырады. Мысалы, көптеген жағдайларда осы кислотовоз тасылмалдайтын көліктердің аварияға ұшырауы, сөйтіп жерді бүлдіруі және өнідіріс цехының басындағы мына трубалардың тозуынан тамшылап мына кислота мен химиялық заттардың жердің бетін ластау деректері анықталады. Бұл жөнінде хаттар жазып, тиісті айыппұлдар салынып, оны жою жөнінде амалдары заңмен қарастырылып, талап етіледі".Тұрғындардың өндіріс орны жұмысына көңілдері толмайтынын түсінген эклоготар уран өнідіріп жатқан компаниямен меморандумға да отырыпты. Биылғы жылы тәуелсіз сарапшылар, ауыл тұрғындары және экология департаментінің мамандардан құрылған топ өнідірістің қоршаған ортаға келтіріп жатқан кесірін тағы зерттейтін көрінеді. Осыдан кейін бұл нысанның әрі қарай жабылу жабылмау мәселесі қаралмақ.