Қарбыз - бүйректің, қауын- жүректің емі
Қарбыз - бүйректің, қауын- жүректің емі
Жаз мезгілі бастала салысымен сауда орындары мен базарларда бау-бақша өнімдерінің саудасы қыза түседі. Өрік, шие, алма, қызанақ, қияр секілді бақша өнімдеріне сұраныс көбейе түседі.
Әсіресе шілдеде шөлді қандыратын қауын-қарбыз мезгілі жетіп, көпшілік сатып алуға асығады. Қай-қайсысының да бағасы былтырғымен салыстырғанда қымбаттау. Індеттің өршіп тұрғанына қарамастан, шөл басатын асқа жұрт дәм татуға асығатыны анық.
Негізі бақша өнімдері шілдеден бастап, сауда орындарына шығарылады. Қазір жеміс-жидек пен көкөністің саудасы қызып тұрған шақ. Кезі келіп, толық піспесе де қауын-қарбызды сатып алушылар жетерлік. Нитраттан қаншалықты таза? Адам денсаулығына зиянды әсері жоқ па?
Әрине мезгілінде пісіп, иісі аңқыған, дәмі тіл үйіретін қауын - қарбыздың адам ағзасына пайдасы өте көп. Ми белсенділігін арттырып, бүйректі шаяды. Қандағы холестеринді төмендетеді. Артық салмақтан арылтады. Бауырды тазалайтыны тағы бар.
Мысалы сатып аларда дақылдың сыртын мұқият тексеріп сатып алу керек. Жақсылап жуып, сосын жеген дұрыс. Жалпы қауын-қарбызды ересектер мен балалар да құмартып жейді. Сондықтан бау-бақша өнімдерін тұтынғанда тазалықты қатаң сақтаған жөн. Балалардың ішек ауруларымен көп ауыратын мезгілі жаз айлары. Жаздың ыстығына дауа қауын-қарбызды күнде жеу ағзаға өте пайдалы.