Қазақстанда екі адам коронавирустан жазылды - Абаев
NewsRoom
Қазақстанда екі адам коронавирустан жазылды - Абаев
Коронавирустан жазылған алғашқы екі азамат бейсенбі күні ауруханадан шығарылады, - деді ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев баспасөз жиынында.
"Ең басты, ең қуанышты жаңалық - бұл ертең алғашқы екі пациенттің ауруханадан шығатыны. Олар коронавирус инфекциясынан жазылды", - деген министр олардың әлі дәрігерлердің бақылауында екенін және тағы бір рет сараптамадан өтетінін мәлімдеді.
Ол бұл көрсеткіш дәрігерлердің тәулік бойы аяғынан тік тұрып қызмет еткендігінің жеңісі екенін де айтуды ұмытпады.