Қазақстанда екі адам коронавирустан жазылды - Абаев

Қазақстанда екі адам коронавирустан жазылды - Абаев

ашық дереккөзі

Коронавирустан жазылған алғашқы екі азамат бейсенбі күні ауруханадан шығарылады, - деді ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев баспасөз жиынында.

"Ең басты, ең қуанышты жаңалық - бұл ертең алғашқы екі пациенттің ауруханадан шығатыны. Олар коронавирус инфекциясынан жазылды", - деген министр олардың әлі дәрігерлердің бақылауында екенін және тағы бір рет сараптамадан өтетінін мәлімдеді. Ол бұл көрсеткіш дәрігерлердің тәулік бойы аяғынан тік тұрып қызмет еткендігінің жеңісі екенін де айтуды ұмытпады.

Жүктелуде...