Жаңалықтар

Халық індетке қарамай әлі де той өткізуде

Халық індетке қарамай әлі де той өткізуде

 width= Сайрамдық полицейлер карантин кезінде қонақтар шақырып, той өткізіп жатқан тұрғындарды анықтап, жиынды тоқтатты. Бұл туралы Polisia.kz. сайтына Newsroom+Ақпарат агенттігі сілтеме жасап хабарлайды. Түркістан облысының полицейлері карантин талаптарының сақталып, оның орындалуы барысында қарқынды жұмыс жүргізуде. Осындай кезекті жұмыс күнінде Сайрам АПБ-не Манкент ауылындағы тұрғынның бірі өз үйінде 50-ден астам азаматтарды жинап, келін түсіру тойын өткізіп жатқандығы туралы хабарлама келіп түсті. Ақпарат алысымен аталмыш мекен-жайға аудандық полицейлер мен әкімдік қызметкерлерінен құрылған мобильдік топ тез арада жетіп, тексеру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде полицейлер ығы-жығы адам жиналған тойды тоқтатты. Карантин талаптарын сақтамай, өрескел құқық бұзғаны үшін той иесіне ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабына сәйкес “Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарының, сондай-ақ гигиеналық нормативтердің бұзылуы” хаттама толтырылды. Жинақталған ақпараттар шешім қабылдау үшін тиісті органға жіберілді. Ауданда осыған ұқсас тағы екі жайт тіркелді. Оның бірінде жергілікті тұрғын өз үйіне 20-дан астам адам жинап, келін түсірген. Ал келесі тұрғын 15-тен астам адам жинап, қыз ұзату тойын өткізген. Бұл екі жайтта да мобильдік топ шұғыл жетіп, адамдардың көптеп шоғырлануына жол бермей, той-жиындарды тоқтатқан. Жинақталған іс-құжаттары тиісті шешім қабылдау үшін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Түркістан облысы бойынша тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетіне жіберілді. Жалпы, аудан көлемінде жұмыс жасап жатқан мобильдік топтар 80 карантин талаптарын бұзу жайттарын анықтап, оларға ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы “Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарының, сондай-ақ гигиеналық нормативтердің бұзылуы” бойынша хаттама толтырған. Оның ішінде үш жайт үйлену тойы мен отбасылық жиындарды ұйымдастыру.