Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
27 шілде, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Нұр-Сұлтан: көшелер мен көпірлер жабылады

Нұр-Сұлтан: көшелер мен көпірлер жабылады

Нұр-Сұлтан: көшелер мен көпірлер жабылады
ашық дереккөзі
 width= Нұр-Сұлтанда жол жөндеу жұмыстарына байланысты бірнеше көше мен көпір ішінара жабылады. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайтына Newsroom+Ақпарат агенттігі сілтеме жасап хабарлайды. Жүргізушілерге алдын ала жол бағытын жоспарлауға кеңес беріледі.
"26 шілде мен 1 тамыз аралығында Амман көшесі бойымен Шарль де Голль көшесінен Ж.Тәшенов көшесіне дейінгі учаскеде, Шарль де Голль көшесі бойымен Амман көшесінен А. Тоқпанов көшесіне дейінгі учаскеде жол-құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарланған", - деп хабарлады қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасындағылар.
Сондай-ақ, Р. Дүйсенбаев көшесі бойымен Аспара көшесінен Герценге дейін жол жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты 26-30 шілде аралығында аталған көшелердегі учаскелер жабылатын болады. Сонымен қатар, Шарль де Голль көшесінен Сарайшық көшесіне дейінгі учаскедегі М2 (Амман көшесі-Мәңгілік Ел даңғылы) көпірінің құрылысы бойынша жол - құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Осыған байланысты 26-31 шілде аралығында қозғалыс тоқтайды.