Полиция қызметкері жасөспірімді зорлады деген күдікпен ұсталды
Полиция қызметкері жасөспірімді зорлады деген күдікпен ұсталды
Балқашта полиция қызметкері кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдікпен ұсталды,- деп хабарлайды NewsRoom+ Ақпарат тілшісі Adyrna.kz порталына сілтеме жасап.
Белгілі құқық қорғаушы және NeMolchi.kz қоғамдық қорының негізін қалаушы Дина Смаилова ұйымның Facebook-тегі парақшасында хабарлама жариялады, онда ол Қарағанды облысының полиция департаментінің басшысына жеке бақылауға алу және полицияны күдікті ретінде жауапқа тарту туралы өтінішпен жүгінді. Дина Смаилова сонымен бірге тергеу нәтижелерін көпшілікке жариялауды талап етті.
Смаилованың айтуынша, оқиға шілде айының басында болған. Қылмысқа күдікті полиция қызметкері өзінің қызметтік жағдайын пайдаланып, кәмелетке толмаған сяажайдағы көршісін қорқытып, жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлеген. Полиция қызметкері жәбірленушіні марихуана шеккені үшін қылмыстық айыптаулармен қорқытқан.
«NeMolchi.kz» қоғамдық қоры, Смаилованың мәлімдеуінше, жәбірленушінің күдікті полиция қызметкерімен WatsApp мессенджерінде хат алмасқаны, дауыстық жазбалары, оқиға болған күні подьезд камераларынан алынған бейне жазбалар бар екенін мәлімдеді. Оқиғадан бір апта өткеннен кейін қыз өзінің анасына Балқаш полициясына арыз жазбақшы болғанын, басынан өткен оқиға туралы айтты.
Полиция қыздың анасына өз қызметкеріне қарсы іс қозғай алмайтындықтарын айтып, құжаттарды Қарағанды облысы Полиция департаментінің ішкі қауіпсіздік басқармасына жолдады. Бір күн өткен соң, зорлауға күдікті полиция қызметкері құқық қорғау органдарынан шығарылды.