Жаңалықтар

Путин «әлсіз» президент – Волкер

 width=РФ президенті В.Путин «әлсіз» президент. Бұл туралы АҚШ-тың мемлекеттік департаментінің Украинадағы бұрынғы арнайы өкілі Курт Волкер айтты, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі.

Президент ретінде Путин «әлсіз» саяси көшбасшы. Бұл ойды Курт Волкер «Крым.Реалии» жобасы аясындағы сұқбатта айтқан.

АҚШ дипломаты журналистің «Ресей қашан өзгереді?» деген сұрағына да жауап берген:

«Мұны болжаудың өзі мүмкін емес. Оның үстіне біз әлсіз жүйені, әлсіз саяси көшбасшыны, экономикалық құлдырауды және халық санының азайып жатқанын көріп отырмыз. Ресей – бұл бай ел, бірақ байлық уақыт өте келе түгеседі. Ал Украина, Еуропа және АҚШ ол уақытта мықты күшке айналады», - деді Волкер.