Рамзан Қадыров өзінің Нобельге лайық екенін мәлімдеді
Рамзан Қадыров өзінің Нобельге лайық екенін мәлімдеді
Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров өзінің Нобельге лайық екенін мәлімдеп, халықаралық деңгейдегі терроризмді жеңгенін айтқан. Бұл туралы Newsroom+Ақпарат агенттігі хабарлайды.
Рамзан Қадыров «Россия 1» арнасына берген сұқбатында осылай деп мәлімдеген.
«Мен қай жерде адам құқығын таптадым? Керісінше, біз күресіп жатырмыз, біз ажал құштық. Адам құқығын қорғау жолында қаза болдық. Соғысты тоқтатып, халықаралық терроримзнің күлін көкке ұшырдық. Меніңше, маған осы ерлігім үшін Нобель сыйлығын беру керек, санкция салудың орнына. Әділетсіздік!»,- деді шешен басшысы.
Айта кету керек, шілденің 20 күні АҚШ мемлекеттік департаменті шешен басшысын қара тізімге қосып, оған және оның отбасына «адам құқығын бұзды» деген айып таққан болатын.