Айгүл Орынбек: Сол үшін Аружан кет!
Айгүл Орынбек: Сол үшін Аружан кет!
Белгілі қоғам белсендісі әрі заңгер Айгүл Орынбек өзінің facebook әлеуметтік желісінде Аружан Саиннің отставкаға кетуін талап етіп жазба қалдырды.
Балалардың құқығын қорғай алмай отырған Аружан Саин отставкіге кетсін!
Бала құқығын қорғаушы омбудсмен болу, интернетте “бәріне тапсырма бердім, бақылауымда”- деп пост жазу емес нақты іске көшу!
Бір апта да еліміздің әр өңірінде балалар зорланды.
Аружан Саин пост жазғаннан басқа ары аса алмай отыр.
Балаларды зорлық зомбылықтан қорғау үшін нақты не жасаланып жатыр?
Қәзір мәжілісте заң қаралып жатыр “Балалардың құқығын қорғау “ бойынша, құқық қорғаушылардың барлығы эксперт ретінде қабылданатын заңдарды талқылап, ұсынастарымызды айтып жатырмыз.
Ол чатта Аружан Саин жоқ!
Зорланып жатқан ауылдың балалары, байдың балалары емес!
Президентке кіріп “бәрін қатырып жатырмын”- деп есеп бергеннен басқа!
Есепті бірінші халыққа берсін халықтың тілінде!
Омбудсмен болғанына екі жылдан асты, балалар үшін не жасалды?
Қай өңірде зорлық зомбылық көп, статистика жасалып, есеп бергенін көрмедім!
Екі жылдан бері қай өңірге келіп, балалармен тікелей тығыз жұмыс жасады?
Зорланған балалар үшін қандай кризистік орталықтар ашты?
Халықтың тілін білмейтін, түсінбейтін адам балалардың құқығын қорғайды деп ойламаймын!
Осы екі жылда зорланған балалардың құқығын қорғап жүрген, біз сияқты қоғам белсенділерінің басын қосып, ұсыныстарымызды тыңдамады!
Құқықты сауатты елде, балалардың құқығын қорғайтын адамнан талап етіледі заң бойынша!
Балалардың құқығын қорғау үшін не жасап жатырсың Аружан!
Мен жауап бере салайын “ЕШТЕҢЕ” !!!
Өңірлердегі зорлық зомбылық көбеймесе, азайған жоқ!
Фейсбукта отырып “я все держу под контролем” деп жазғанан басқа ештеңе көрмедім!
Сол үшін Аружан КЕТ!