Ұлы Абайдың еңбектері енді армян тілінде басылмақ
Ұлы Абайдың еңбектері енді армян тілінде басылмақ

– Абайдың шығармалары жалпы адамзатқа ортақ құндылық тұнып тұр. Екі ғасыр бұрын жазылған еңбек қазірге дейін өзектілігін жоймаған. Ұрпақ тәрбиесі, жақсылыққа қарай қалай бет түзуіміз керектігін осы қазық ойшылының қаламынан төгілген еңбектерден табамыз.Ал журналист Нарине Эйрамджянц:
– Абайдың қара сөздерінен ақынның адамды, өмірді терең танығандығын сезесің. Оның еңбектері бүгінге дейін өміршеңдігін жоймаған. Қазір Абай мұрасымен кеңінен танысу арқылы біздің ұтарымыз көп. Дұрыс өмір сүру, басты құндылықтар, әлем халқы жиі бас қатыратын осы сұрақтарға ақынның шығармаларынан жауап аламыз.Нарине Эйрамджянцтің Абай шығармасын зерттеп жүргеніне 15 жыл болыпты. Ол Абайдың мәдени мұрасы кез келген ортада насихаттаумыз тиіс, әлемдік деңгейдегі құндылықтар дейді.