Қытайдың Аньхой провинциясында 8 миллионнан астам тұрғын су тасқынынан зардап шекті
Қытайдың Аньхой провинциясында 8 миллионнан астам тұрғын су тасқынынан зардап шекті
Қытайдың шығысындағы Аньхой провинциясындағы 8,4 миллионнан астам адам қатты нөсерден болған су тасқынынан зардап шекті,
Бұл туралы провинцияның су тасқыны мен құрғақшылыққа қарсы күрес штабы мәлімдеді.
Сенбі күні таңертең бұл провинцияның шамамен 1,12 миллион тұрғыны эвакуацияланды. Тікелей экономикалық залал 33 миллиард юаньға (шамамен 4,7 миллиард доллар) бағаланды.
Сонымен бірге, апат 986 мың га ауылшаруашылық алқаптарына зиян келтірді.