Елбасы Сағадиевтер отбасына көңіл айтты
Елбасы Сағадиевтер отбасына көңіл айтты

"Кенжеғали Әбенұлы абыройлы қызметі мен бойындағы азаматтық асыл қасиеттерінің арқасында халқымыздың лайықты құрметі мен қошеметіне бөленді. Халқымыз оның есімі мен еңбегін ұмытпайды деп сенемін", – делінген жеделхатта.Айта кетейік, академик, экономист, мемлекет және қоғам қайраткері Кенжеғали Сағадиев 83 жасында көз жұмды. Бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаевтың білім беру қоғамдық қорының PR және маркетинг департаменті директоры Майраш Тайкенова хабарлады.