Жаңалықтар

Маңғыстау облысындағы эпидемиологиялық жағдай тұрақтала бастады

Маңғыстау облысындағы эпидемиологиялық жағдай тұрақтала бастады

 width=Пандемия кезінде еліміздегі әр өңірлер бойынша сақтық шарасын жасау, алдын алу секілді мәселеде Маңғыстау облысы сынға ілінген болатын. Дәл қазіргі жағдайда өңірдегі жағдай тұрақталған деп, хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің статистикасына сілтеме жасап. Статистика бойынша 11-17 шілде аралығында 10 450 жағдай тіркелсе, 18-24 шілде арасында бұл көрсеткіш 8143 болған.  width= Аталған мәліметке сүйенсек, 11-17 шілде аралығында Маңғыстау облысы бойынша 308 жағдай, ал 18-24 шілде аралығында 267 жағдай тіркелген. Жалпы елдегі коронавирус инфекциясын жұқтыру бойынша 80 226 жағдай тіркелді. Оның ішінде емделіп шыққандары 51 260 адам, емделіп жатқаны 28 254, қайтыс болғандар саны – 712.