Жаңалықтар

Шодиев Өзбекстанға қаражат аудармаған

Шодиев Өзбекстанға қаражат аудармаған

Шодиев Халықаралық қоры коронавирустық инфекциямен күресу аясында Өзбекстан халқын қолдау мақсатында бөлінген қаражат туралы ақпарат жалған екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды NewsRoom+ ақпарат агенттігінің тілшісі Халықаралық Шодиев қоры Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Шодиев халықаралық қоры Қазақстанда әлеуметтік желілері қолданушыларының Патох Шодиев мырзаның Өзбекстандағы анти-коронавирустық реакция аясында бөлген 200 миллион доллар сомасы туралы айтқан мәліметтері жалған екенін ресми түрде мәлімдейді. Халықаралық Шодиев Қоры (ICF) - 1996 жылы Патох Шодиев негізін қалаған үкіметтік емес ұйым. Қор ТМД елдерінде, Азия мен Еуропада қайырымдылық жобаларымен айналысады.