Тараздық бойжеткен өз еркімен тұрмысқа шығып, беташар алдында қашып кеткен (видео)

28 Қараша, 2018 771 0

Жамбыл облысы Айша бибі ауылына өз еркімен келін болып түскен 22 жастағы ару беташары өтпестен қайта кетіп қалған. Тұрмысқа шығуға келісім беріп, қолхат жазған бойжеткен тіпті болашақ күйеуіне киімдер алғызған екен. Ал таңдаған сұлуы тайып тұрған соң күйеу жігіт қатты күйзеліске түскен деп хабарлайды newsroom порталы NUR.KZ-ке сілтеме жасай отырып.



Тараздық жігіт пен 1996 жылғы Жайсан Астана қаласында танысқан. Таныстықтың соңы бір-бірін ұнатуға ұласып, олар шаңырақ көтеруге шешім қабылдайды.

22 жастағы бойжеткенді өз келісімімен алып қашып, шашумен күтіп алған ауыл тұрғындары оны екі жағынан жетектеп, үйге кіргізген.

Алайда келіннің анасы ұзамай оны керіп алып кеткен. Ал күйзелістегі жігіттің туыстары қыздың бұрын соңды мұндай әрекетке жиі барып жүргендерін білген екен. 




Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.