Алматы облысында жер сілкінді
Алматы облысында жер сілкінді
Алматы қаласынан 122 шақырым жерде жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды NewsRoom+ Ақпарат тілшісі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.
Сейсмологиялық тәжірибе-әдістеме экспедициясының сейсмикалық станциялар желісінде 25 шілдеде сағат 13.32-де жер сілкінісі тіркелді.
Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы облысы Кеген ауданының аумағында, Алматыдан шығысқа қарай 122 шақырым жерде 5 шақырым тереңдікте орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 9.1. Магнитудасы - MPV 3.2.
Кеген ауданының Саты ауылында дүмпулер 2 балдық күшпен сезілді.
Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті аймақтардағы жағдайды анықтау үшін әкімдікті, Полиция департаментін, прокуратура, Қазселденқорғау және басқа да ұйымдарды хабардар етті.
Зардап шеккендер жайлы хабар жоқ.