Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов жас дәрігерлермен кездесті
Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов жас дәрігерлермен кездесті



«Коронавирус індетіне байланысты, жас мамандардан қосымша көмек болады деп күтілуде. Мамандардың жалақысы заң шеңберінде көрсетілген деңгейде төленеді. Егер инфекциялық немесе провизорлық стационарға жұмысқа кіріссе, министрлік бұйрығына сәйкес үстемеақы бөлінеді. Емдеу мекемелері басшыларынан түскен сұранысқа сай, мамандар үймен қамтамасыз етіледі»,- деді.Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Қабдықапаров. Насыр мен Альбина Оңғарбаевтар қызыл аймақта жұмыс істеп жатқан отбасылық жұп. Дәрігерлікті таңдаған жас мамандар Ақтөбенің тумалары.
«Жұмысқа 20 шілде күні кірістік. Атырау облыстық ауруханасы жанындағы провизорлық стационардамыз. Науқастарды қабылдап, жағдайларын бақылаймыз. Ауру тарихына қатысты құжаттар толтырамыз. Қазіргі уақытта облыстық әкімдік жалдап берген «Достық» қонақ үйінде тұрамыз. Ауруханаға автобус тасымалы ұйымдастырылған. Бүгінде ахуал тұрақталып, науқастар саны азаюда. Десе де, осындай қиын жағдайда халыққа көмек көрсетіп жатқанымызға қуаныштымыз»,- дейді Насыр мен Альбина Оңғарбаевтар.Облыстық аурухананың провизорлық ауруханасында жұмыс істеп жатқан маманның тағы бірі Дмитрий Ли. Хирург мамандығын бітірген Дмитрий Ли жатақханаға орналастырғанын айтады.

«Үш мезгіл ас-ауқатпен, қажетті қорғаныс киім-кешектермен қамтамасыз етілдік. Тәжірибеміз болмағандықтан, тәлімгерлермен кеңесе отырып, ем-шарасын тағайындаймыз»,- дейді Дмитрий Ли.Айта кетелік, қазіргі уақытта Ақтөбе медициналық академиясын аяқтаған 53 маманның 11-і стационарлық ауруханаға, 27 –сі бастапқы медициналық көмек көрсететін емханаларға жұмысқа кірісті. Қалған 15 маман аудандарға жіберілді.