Каспи итбалығы құрып кетудің алдындағы жануарлар санатында
Каспи итбалығы құрып кетудің алдындағы жануарлар санатында
Каспий итбалығын (Pusa Caspica) Қазақстан Республикасының өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнiң тiзбесiне енгізу мәселесі қаралуда.
2020 жылғы 24 шілдеде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комиті видеоконференциялық байланыс арқылы «Гидробиология және экология институты» Мекемесі мен «Орталық Азиялық экологиялық зерттеулер институты» ЖШС өкілдерінің қатысуымен балық шаруашылығы мәселелері жөніндегі Ведомствоаралық зоологиялық комиссияның отырысы өтті.
Комиссия отырысында каспий итбалығын (Pusa Caspica) Өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнiң тiзбесiне енгізу жалпы қолдау тапты.
Бұл оларды қорғауға ықпал ететін қосымша шара, сондай-ақ келешекте ерекше қорғалатын табиғи аумақ құруға маңызды аргументтердің бірі болады.
Қазіргі уақытта каспий итбалығы басқа каспий маңы мемлекеттерінің Қызыл кітабына еніп қойғанын атап өткен жөн.