Қазақстанның үш қаласында ауа сапасы нашарлайды

27 Қараша, 2018 658 0

27 қараша күні метеорологиялық жағдайлар еліміздің үш қаласының атмосферасында ластаушы заттардың шоғырлануына ықпал етеді, деп хабарлайды newsroom+ «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Атап айтқанда, метеорологиялық жағдайлар  Қарағанды, Балқаш, Теміртау қалаларында ауаға зиянды заттар шоғырлануына ықпал етеді. Ал қалған қалаларда метеорологиялық жағдай жағымды болады.  

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.


Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.