Ақмола өңірлік әскери нысандарының инфрақұрылымы тексерілді
Ақмола өңірлік әскери нысандарының инфрақұрылымы тексерілді
Қазақстан қорғаныс министрінің Ақмола өңірлік гарнизоны Десанттық-шабуылдау мен Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің әскери бөлімдеріне жұмыс сапары болды.
Карантин кезінде бөлімдердің жауынгерлік даярлық жағдайын тексеруден басқа, әскери нысандардың инфрақұрылымы, күрделі жөндеу мен басқа да құрылыс жұмыстарына қатысты мәселелерге баса назар аударылды.
Әскери бөлімдерде жауынгерлік машиналар парктері, техникалық қызмет көрсету және техниканы жөндеу пунктері тексеріліп, қалашықтар мен модульді жатақханалар орналасқан аумақтар қаралды.
Министр инфрақұрылымның жас сарбаздарды қабылдауға дайындығын, асханалардың жай-күйін тексеріп, жеке құрамның тамақтануы, әскери қызметшілердің казармалары мен тұрмыс жағдайымен танысты.
Қорғаныс ведомствосының басшысы басқа да гарнизон нысандарын, оның ішінде ҚР ҚК Бас штабының далалық байланыс торабының штабын тексерді.
Жауапты лауазымды тұлғалар аймақтағы жағдай, атқарылған жұмыс, жеке нысандарға жөндеу жұмыстары мен жабдықталуына қатысты мәселелер туралы баяндады.
Гарнизонның кейбір инфрақұрылымдары ескірген. Кеңес Одағы кезінен қалған ғимараттар енді талапқа сай келмейді және жөндеуді қажет етеді. Кеңес кезінде қажеттіліктер үшін салынған құрылыс нысандары ескірген, су тасқынынан сақтамайды.
Атап айтқанда, әскери техниканы сақтау орындарының жұмсақ жаппасы, техникалық қызмет көрсету және жөндеу пункті, парк аумағының периметрі бойынша қоршау және модульді жатақхананың жылу жүйесінің қасбеті күрделі жөндеуді қажет етеді. Сонымен қатар, жұмыс істемейтін қазандықты бұзу қажет.
Қорғаныс ведомствосының басшысы пандемия кезінде тиісті деңгейде әскери бөлімдерде қатаң санитарлық талаптарды сақтауды, сонымен қатар бірқатар әскери нысандардың инфрақұрылымын тиісті қалпына келтіру үшін ұйымдастыру мәселелерін шешу үшін тиісті шараларды қабылдауды тапсырды. Бірінші кезекте ол әскери мүлікті сақтау, нысандардың диверсияға қарсы қауіпсіздік мәселесі болып табылады.
Ақмола өңірлік гарнизонында орналасқан Қарулы Күштердің әскери бөлімдері Елорданың әуе кеңістігінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тұрақты жауынгерлік әзірлікте жауынгерлік кезекшілікте тұрады. Еліміздің басты қаласына жақын орналасқан десанттық-шабуылдау бөлімшелеріне де ерекше стратегиялық мәселелер жүктелген. Десантшылар кез-келген уақытта қауырт тапсырмаларды мақсатты түрде орындауға әрдайым дайын.