ҚР Қорғаныс министрлігінің жоғары оқу орындарына өтініш қашықтан қабылданады
ҚР Қорғаныс министрлігінің жоғары оқу орындарына өтініш қашықтан қабылданады

"2020 жылғы 3-7 тамыз аралығында «Жас Ұлан» республикалық мектептеріне қабылдау негізгі орта білімнің аяқталғаны туралы куәлікте көрсетілген математика, оқыту тілі және дене шынықтыру пәндерінің бағалары қаралып, өтініштер үміткерлердің қатысуынсыз қабылданады", - деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
"Іріктеуден сәтті өткен үміткер оқу орнына келмес бұрын COVID-19 тестінен өтуі керек. Карантиндік шараларға сәйкес олар екі апта оқшауланады. «Ковид-19» тестілеуі оң нәтиже көрсеткен жағдайда толық сауыққаннан кейін оқу орнына келе алады", - деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.