Жаңалықтар

Дәрігер: Масканы иекке емес, мұрын мен ауызға тағады

 width= Ақтөбеліктер арасында маска тағу нормаларына байланысты түсініспеушілік пайда болды. Себебі тұрғындарға жергілікті деңгейде көшеде бетперде тағу - енді ұсыныс емес, міндетті талап екені ескертілмеген болып шықты. Осыған байланысты "Диапазон" газеті Ақтөбе облысының бас санитар дәрігері Нұрсұлу Беркімбаевадан жаңа ережені түсіндіріп беруін сұрады.Бұл туралы Tengrinews.kz сайтына Newsroom+Ақпарат агенттігі сілтеме жасап хабарлайды. Маманның айтуынша, Қазақстанның бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетованың 26 маусымдағы қаулысына сәйкес, екі және одан да көп адам бірге жүрсе, масканы барлық жерде, көшеде де тағу керек.
"Әрине, қазір түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тұрғындарға айтарым: әкімшілік айыппұл салдыруға жол бермеңіз. Ең алдымен, бұл сізге және жақындарыңыздың денсаулығы үшін қажет. Көшеде масканы тағу керек. Адам көшеде жалғыз жүрсе, онда маска тақпауына болады", - деді Бүркімбаева.
Бас санитар дәрігер медициналық маскасыз жүргендерге Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 425-бабы 1-бөлігіне сәйкес, 83 340 теңге айыппұл салынатынын атап өтті. Сондай-ақ, Беркімбаева ақтөбеліктерден бетпердені дұрыс тағуды сұрады: иекке емес, ол ауыз және мұрынды толық жабуы керек. Ал бір реттік маска әр екі сағат сайын ауысуы қажет.
"Алайда шенеуніктердің ешқайсы санитарлық норма талаптарына сәйкес масканы ауыстырып отыру үшін халық сонша ақшаны қайдан табу керегін түсіндірмейді. Кей ақтөбелік бір рет қолданылатын масканы бірнеше күн тағатынын, жаңасын алуға ақшасы жоқ екенін айтады. Айтпақшы, карантин аяқталғаннан кейін бір реттік масканы тағу талабы қала береді", - деп жазылған басылымда.
 />

</div>
</div>
</div>
<div>
<div class=