Тың жоба: Әлем әуендері қазақ тілінде

26 Қараша, 2018 1002 0

Редакциямызға хат келіп түсті. Ресми парақшалардан рәсімі бөлек үлгідегі көлемі дардай, тізгендеген ойы тың, бағыты айқын әңгіменің басы екен байқағанымыз. Автордың түпкі мақсаты қазақ тілді аудиторияға ағылшын тілін үйренудің ерекше қырын ұсыну екен.

Жасыратын несі бар, жоба тың, десе де төрт аяғы тең түсіп тұрған шағы бұл емес. Алдағы уақытта талантты қаламгер, қырағы аудармашы Мұхтар Кәрібаймен  бірлесе отырып бұл бастаманың жебесін жонып, нысанаға дүп меңзеу жоспарымызда.

Ендеше ерекше бастаманың алғашқы айқармасын алдыңызға ұсындық мәртебелі оқырман. Әуелгі әуен «The Power of Love» деген әлемнің алтын дауысы  Селин Дионның туындысы.

Оқығаныңыз есте қалсын десеңіз, ой қаруын қызықты қисынға меңзеңіз.

Құрметпен, Бас Редактор.




The Power of Love

Селин Дион

The whispers in the morning

Of lovers sleeping tight

Are rolling by like thunder now

As I look in your eyes

I hold on to your body

And feel each move you make

Your voice is warm and tender

A love that I could not forsake

'Cause I am your lady

And you are my man

Whenever you reach for me

I'll do all that I can

Lost is how I'm feeling lying in your arms

When the world outside's too

Much to take

That all ends when I'm with you

Even though there may be times

It seems I'm far away

(But) Never wonder where I am

'Cause I am always by your side

'Cause I am your lady

And you are my man

Whenever you reach for me

I'll do all that I can

We're heading for something

Somewhere I've never been

Sometimes I am frightened

But I'm ready to learn

('Bout) Of the power of love

The sound of your heart beating

Made it clear

Suddenly the feeling that I can't go on

Is light years away

'Cause I am your lady

And you are my man

Whenever you reach for me

I'll do all that I can

We're heading for something

Somewhere I've never been




Махаббат қуаты

Селин Дион

 

Таңғы сыбыр сергітер

Ғашықтарды оятып

Ыстық жалын жарқ етер

Көздер іздеп тоятты

Кеудеңе қойып басымды

Қалт еткен сезем қимылды

Даусың  жылы тербетер

Жаныма жағып тербелем

Асыл жарың мен

Азаматым сен

Не тілесең әрдайым

Құрбандыққа мен дайын

Құшағыңда ұмытам дүниені

Сағымға әлем айналып

Қалармын-ау

Жанымда болсаң байланып

Уақыт мінсіз болса да

Жүргендеймін алыста

Алаңсызбын сонда да

Мәңгілікке қол ұста

Асыл жарың мен

Азаматым сен

Не тілесең әрдайым

Құрбандыққа мен дайын

Беймәлімге ұмтылып

Жат әлемге жұтылып

Үрейленем мен кейде

Үйренемін әйтсе де

Махаббаттың қуатын

Жүрегіңнің дүрсілі

Ақиқатты ашады

Кейде сезім жеткізбес

Жылдарға жарық шашады

Асыл жарың мен

Азаматым сен

Не тілесең әрдайым

Құрбандыққа мен дайын

Беймәлімге ұмтылып

Жат әлемге жұтылып




Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.