Медқызметкерлерге берілетін әлеуметтік төлем: Қандай құжат өткізу
Медқызметкерлерге берілетін әлеуметтік төлем: Қандай құжат өткізу
Коронавирус инфекциясымен күресіп жатқан медициналық қызметкерлерге біржолғы әлеуметтік төлем беру туралы бұйрыққа енгізілген өзгерістерге сәйкес әлеуметтік төлем алу үшін керекті құжаттар тізімі жарияланды, - деп хабарлайды NewsRoom+ Ақпарат тілшісі ҚазАқпарат порталына сілтеме жасап.
«Медициналық қызметкер COVID-19 коронавирустық инфекциясын жұқтырудан, вирустық пневмониямен сырқаттанудан қайтыс болған жағдайда комиссия үш жұмыс күнінен кешіктірмей оның отбасы мүшелеріне заңнамада белгіленген тәртіппен берілген қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесін қоса бере отырып өтініш ұсыну қажеттілігін хабарлайды.
Қызметкер қайтыс болған жағдайда біржолғы әлеуметтік төлем алуға өтінішті оның отбасы мүшелерінің бірі денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органына береді», - делінген құжатта.
Комиссия қайтыс болу туралы куәлікті алғаннан кейін COVID-19 коронавирустық инфекциясын жұқтырудан, вирустық пневмониямен сырқаттанудан қайтыс болған денсаулық сақтау ұйымдары қызметкерлерінің отбасы мүшелерінің тізімін қалыптастырады.
Қалыптастырылған отбасыларға берілетін біржолғы әлеуметтік төлем алуға адамдар тізімін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары немесе ТҚСҚБК Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне жібереді.
Отбасыларға берілетін біржолғы әлеуметтік төлем алу үшін мына құжаттар керек:
- қызметкер қайтыс болған жағдайда біржолғы әлеуметтік төлем алуға өтініш;
- қайтыс болғаны туралы куәліктің көшірмесі;
- № 415 бұйрықпен бекітілген ИАОЭТ картасы (COVID-19 коронавирустық инфекциясын жұқтырған қызметкерлер бойынша);
- № 907 бұйрықпен бекітілген нысан бойынша медициналық карта (вирустық пневмониямен сырқаттанған қызметкерлер бойынша) қоса беріледі.
Еске салсақ, бұған дейін пневмония жұқтырған медицина қызметкерлеріне өтемақы төленетіндігі туралы хабарлаған болатынбыз.