Дәрігер: Халықтың ақшасына алынған аппараттар ауыр жағдайда жатқан адамға көмектеспейді
Дәрігер: Халықтың ақшасына алынған аппараттар ауыр жағдайда жатқан адамға көмектеспейді

Бізде жүріп жатқан пневмония коронавирустық пневмонит деп аталады. Бұл аурудың негізгі белгісі кеуде жасушаларының томографиясында матовый шыны секілді потологиялық өзгерістердің болуы. Мұндай өзгеріс өкпе жасушасының ренгенінде көрінбеуі мүмкін. Пневмония – бұл өкпенің қабынуы. Егер потогенетикалық тұрғыдан қарасақ ол да жедел инфекциялық ауру. Бірақ адамдарға жұқпайды. Пневмонияның негізгі қоздырғышы пневмококк бактериясы, 80% жағдайда пневмонияны шақырады, - дейді Клара Бөлеубайқызы.Сондай-ақ, ол пневмония кезінде ПТР тест теріс нәтиже көрсететінін айтты.
Коронавирус кезінде пневмонияның дамуы әртүрлі уақытта болады. Ауру белгісі басталған 3 күн аралығында пневмония дамуы ықтимал. Ал сегізінші күннен кейін жоғары тыныс жолдарында вирус болмайды, ол өкпеге түсіп кетеді. Міне, зерттеу анализі сегізінші күннен кейін алынса ол теріс нәтиже көрсетеді. Бізге науқастар он күн өткен соң келіп жатады, сондықтан пневмониямен ауырғандарды да коронавирус жұқтырғандар қатарына қосу керек, - дейді дәрігер.Сонымен қатар, ол антибиотиктерді қандай жағдайда қолдану керектігін айтты.
Қазір адамдар үй жағдайында түрлі антибактериялық дәрілерді қолданып жатыр. Одан бөлек дәрігерлердің өзі де екінші бактериялық инфекцияның профилактикасы үшін антибиотиктерді тағайындауда. Бұл дұрыс емес. Антибиотиктер тек бактерияға әсер етеді, яғни вирусты жоймайды. Оны тек екінші бактериялық жағдай болған кезде немесе созылмалы инфекцияның қозу кезінде ғана пайдаланылады. Антибиотиктерді бейберекет қолданудың зияны көп, ол иммунитетті төмендетеді,-дейді ол.Дәрігер сөз арасында коронавирусты жүкті әйелдер жұқтырған жағдайда өмірге қандай бала әкелетінін айтып өтті.
Бұл вирустың іштегі балаға ешқандай әсері жоқ. Бала сау күйінде дүниеге келеді. Егер әйел жүктіліктің соңғы аптасында коронавируспен ауырса бала да ауруы ықтимал, - дейді инфекционист.