Алматы: жедел құтқару жасағы тауда жоғалған туристерді тапты
Алматы: жедел құтқару жасағы тауда жоғалған туристерді тапты

"Туристерді іздеуге жедел құтқару жасағы жіберілді. Құрамында 4 адам болды. Олар Шымбұлақ шыңына жаяу көтерілген. Құтқарушылар туристер жіберген теңіз деңгейінен 2900 метр биіктіктегі геолокациялық орынға жетіп, туристерді іздеуге кірісті", - дейді құтқару қызметі.
"Біз топты тексеріп, оларға медициналық көмек керек емес екенін білдік. Таудан аман-есен түскен соң жоғалған туристер ата-анасымен кездесті", - дейді құтқару қызметіндегілер.